АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Астана жаңалықтары: АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында жыл сайынғы Астана экономикалық форумы басталды. Сегіз жылдан бері елорда экономикалық және саяси мәмелелерді талқылау және олардың шешімін іздеу алаңына айналып отыр.

– Астана қозғалыстың, динамиканың, дамудың, инновациялар мен экономикалық өсімнің бейнесі. Елордамыз бүгінде Азия аймағына да, барша әлем үшін де тез экономикалық өсімге жақсы мысал болып табылады. Осы алаңда жаһандық экономикадағы мәселелер мен үрдістерді, өзгерістерді талқылауға болады, – деді қалалық Инвестициялар және даму басқармасы басшысының м.а. Қанат Исабеков.

Жылдан жылға барша әлемнен келген елордалық форум қонақтарының саны артып келеді, оның ішінде инвесторлар да, спикерлер де бар. Астанаға Қазақстаннан басқа, шетелден де ағылған іскерлік туристер саны ұлғаяды. Астана экономикалық форумы туралы шетелдік БАҚ-тарда кеңінен баяндалады.

– Астана саяси және экономикалық тұрғыдан Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық азияның да оралығы болып табылады. Қазіргі кезде өзгерістер көп, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен интеграциясы жүріп жатыр: ЖСҰ ену, ЕАЭО мүше болу. Осы саяси шешімнің барлығы Астанада қабылданды. Форумда Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі жиі сөз болады. Ол шетелден қаржы тартпақ, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да қатыса алады, яғни, елорданың қаржы нарығы дамиды, – деді Қ. Исабеков.

Экономикалық форумның диалогтық алаңын құру әлем экономикасында өзгерістер орын алып отырған барлық замандарда өткір экономикалық және әлеуметтік-маңызды мәселелер талқыланатын жалғыз алаңға айналды. АЭФ – географиялық және ақпараттық шекараны жоятын бизнеске арналған практикалық құрал. Жыл сайын АЭФ-те әлемнің 80 мемлекетінен 5 мыңнан астам делегат бас қосады.

Еске сала кетейік, елордада Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Жыл сайынғы шара Тәуелсіздік сарайында екі күнге жалғасады. Ертең өтетін маңызды сессиялардың бірі «Аймақтық және жаһандық экономикалық іс-әрекеттер: жаһандық өсу үшін батыл саяси қадамдар қажеттілігі» көшбасшылармен ашық пікірсайыс болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10610
Әрі қарай

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана жаңалықтары: Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жыл сайынғы Астана экономикалық форумын ашты. Биылғы форум «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбына арналған.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүкіл әлем сарапшылары, көшбасшылары, ғалымдар мен көрнекі саяси қайраткерлері, бизнес сектордың өкілдері жаһандық проблемаларды талқылау үшін жыл сайын бір диалогтық алаңға жиналады.

Форумның ашылуы барысында ҚР Премьер-министрі аталған шараның Ұлы Жібек жолы елдері мен ҚР Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

– Ежелгі Жібек жолы бірегей көпір болған. Жібек жолы озық тәжірибе алмасуға ынталандырып, Еуразияда бейбітшілікті нығайтуға және диалог орнатуға септігін тигізген. Соңғы он жылдықтарда Азия мен Еуропа арасында өзара іс-әрекеттің қажет екендігін көріп отырмыз. Бұл жоба инвестициялық және іскерлік ынтымақтастық алаңына айналады деп ойлаймын, – деді Кәрім Мәсімов.

АЭФ-тың басты мақсаты халықаралық бейтарап алаң қалыптастырып, әлемдік сарапшылар-экономисттер Орталық Азия аймағының, сондай-ақ, жаһандық экономиканың өзгеруі жағдайында әлемдік кеңістіктегі экономикалық даму мәселелерін талқылау болып табылады.

Астана экономикалық форумының бірінші күні аясында өткізілетін басты шаралар: «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар», «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: энергия, ресурстар және тұрақты даму»,«БҰҰ ДБ 50 жылдығы: орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу».

Сонымен қатар бүгін өтетін маңызды сессиялардың бірі «Қазақстан инвестициялық саммиті», оған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты.

Жыл сайын форумға экономикалық және саяси даму саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары жиналады. Биыл сессия жұмысына қазақстандық сарапшылардан басқа, Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Ресей Сбербанкінің төрағасы Герман Греф, AliBaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма, JPMorgan Chase International корпорациясының төрағасы Джэйкоб Френкель, ХВҚ директоры-басқарушысы Кристин Лагард, ДСҰ бас директоры Роберту Азеведу, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти форум спикері болады.

АЭФ-2016 екі күнге жалғасады. Бірқатар сессиялар қаржы және банк секторларының даму перспективаларына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау режиміне оралу мүмкіндігіне, сондай-ақ, тұрақты даму мен экологиялық үндеулер мәселелеріне арналады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10608
Әрі қарай

ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында ХВҚ-ның Өңірлік конференциясына қатысу үшін келесі аптада Қазақстанға келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.
«АЭФ-ке орайластырылған ХВҚ-ның Өңірлік конференциясы 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтеді.

Астана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келедіАстана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Конференцияға қатысушылар ретінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразия өңірінің елдері экономикалық блогының бірінші басшылары сөз сөйлейді» — деді Ғ. Пірматов. Оның айтуынша, конференция барысында өңірдің ағымдағы экономикалық жағдайын және ортамерзімді перспективада орнықты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланған.

Еске сала кетсек, ХВҚ-ның негізгі мақсаты экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу және қорға мүше елдерге практикалық көмек көрсету.
Әрі қарай

25-26 мамырда Астана экономикалық форумы өтеді

25-26 мамырда Астанада жыл сайынғы Астана экономикалық форумы өтеді. АЭФ-2016 аясында 20 астам сессия өткізіледі деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. АЭФ-2016 басты тақырыбы — «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Бүкіл әлем сарапшылары экономиканың дамуына, елдердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ бизнесті сапалы жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін барынша тиімді стратегиялар мен практикалық мысалдармен бөлісу үшін бір диалогтық алаңға жиналады.

Астана жаңалықтары: 25-26 мамырда Астана экономикалық форумы өтеді

Форум аясында өткізілетін басты шаралар: Қазақстандық инвестициялық саммит, «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар» кең ауқымды бағдарламалық сессиясы, жас ғалымдардың «Жаңа индустриаландыру жаһандану жағдайында Қазақстанда экономикалық даму драйвері ретінде» ғылыми конференциясы және т. б.

Қазіргі АЭФ-тың ерекшелігі ретінде Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстан экономикасының негізгі секторын инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін белгілеуі тиіс жекешелендіру бойынша бірінші Қазақстандық форумды ұйымдастыруды атауға болады.

Осы күні АЭФ-2016 Еуропа, Азия және Таяу Шығыс үкіметтері мен бизнес өкілдерін біріктіруге бағытталған Жібек жолы елдерінің Форумы өтеді.

Астана экономикалық форумы шеңберінде экономика, Blockchain технологияларын қолдану бойынша форум қатысушылары үшін семинарлар сериясы, нетворкингтер, жетекші әлемдік сарапшылардан шеберлік дәрістер және бизнес-гуру бойынша негізгі спикерлер лекцияларын өткізу жоспарланған, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірнеше іс-шара ұйымдастырылады.

Биыл форумға қатысатын тұлғалардың қатарында AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы қытай компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, Колумбия Университеті Жер институтының директоры, профессор Джеффри Сакс, АҚШ бұрынғы президенті Рональд Рейганның экономикалық кеңесшісі және Ұлыбритания Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің кеңесшісі Артур Лаффер және т.б. бар.
Әрі қарай